Бейбіт Шүменов АҚШ-та іздестіріліп жатыр – министр
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Бейбіт Шүменовтің АҚШ-та іздестіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Іздеу жұмыстарына еліміздің қаржысы жұмсалмайды. Өйткені халықаралық уағдаластықтар бар. Барлық дерек халықаралық мекемелерге жіберіледі, – деді министр.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жанжал болып, Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды ұрды деп айыпталды.
Коллаж: Ұлысмедиа
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.