Бекболат Тілеухан қаңтар оқиғасының болатынын білді – Заитов
Айтыскер ақын, қоғам қайраткері Ринат Заитов «Ұлыссұхбат» жобасына сұхбат беріп, Нұрсұлтан Назарбаев, Бекболат Тілеухан, жемқорлық, дін мәселесі туралы пікір білдірді.
Айтыскердің айтуынша, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан қаңтар оқиғасының болатынын білген.
– Мен Бекболат Тілеуханов деген әншіні жақсы көрем, онымен шынайы құштарлықпен сөйлесем. Бірақ қаңтардан кейін өкпеледім. Ол соның ішінде жүр ғой, білді. Бір ауыз «абай болыңдар» деп айтуға болатын еді. Ал енді айтыста айтқандарым айтыстың тілі. Мен қазақтың барлығын жақсы көрем. Бекболат Тілеухан бұзылып кетті деп айтудан аулақ болатын жерім бар. Ол халық алдында уәде берген жоқ. Желтоқсан айында депутат қызметінен кетті. Демек, оның кетуіне түрткі болған осы әңгімелердің шет-жағасы. Айтпай кеткені өкпелетеді, қатты өкпеледім, – дейді ол.
Сұхбат барысында Заитов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа адам ретінде жаны ашитынын айтты.
– Назарбаевқа адам ретінде жаным ашиды. Ол сексеннен асқан адам. Баласының қызығын көрмей жатыр, ұрпағының түрі анау. Көзі кеткеннен кейін өзінің жағдайы не боларын кім біледі? Істеп алған өзі. Кейде ойлаймын, дүниеге қайта келсе ойланатын шығар. Ол да адам, өмірден тыныш кеткісі келетін шығар, – дейді ақын.
Ринат Заитов қымбатшылық, азық-түлік бағасының өсуі турасында да пікір білдірді.
– Осы отыз жылдың ішінде қазақ не істеді, не ашты? Ресторан мен сауна ашты. Өндіріс жоқ. Біреудің ақшасына қарап отырмыз. Қытайға, Ресейге, Түркияға «не береді екен» деп қараймыз. Қазір қолдау болмайтын болса бұл қымбатшылықтың аяғы тағы бірдеңеге әкеліп соғады. Қазақ тіл үшін шыққан жоқ. Ондай жиындар болды. Шахановтың митингісі өтті, қатыстық. Бірақ кейін бүкіл Қазақстанды көтеріп «тастаған газ – 50» мәселесі. Қымбатшылық әлі де болады, – дейді айтыскер ақын.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет