English version

Беларусь ШЫҰ-ға мүше болуға өтінім дайындады

Контекст дня — 14 июня 2022 18:40
0 -1

Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуге өтінім дайындады. Мұны Ресей президентінің ШЫҰ жөніндегі арнайы өкілі Бахтиер Хакимов мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Бахтиер Хакимов Беларусь СІМ бас басқармасының бастығымен кездескен.

– Маусымның 8-і күні Беларусь СІМ бас басқармасының бастығымен консультация өткіздім. Ол Беларусь тарапы оларды ШЫҰ-ға жедел қабылдауды сұрайтынын және ұйымға өтініш беру бойынша президентке ұсыныс дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өтініш ведомствоаралық форматта әзірленіп, оны республиканың Министрлер кабинеті мақұлдаған, — деді Хакимов Ташкентте өтіп жатқан ШЫҰ отырысында.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.