Белгілі кәсіпкер Алмаз Әбдіғаппаров сотталды
Алматыда кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа сот үкіміә шықты. Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі Parmigiano Group иесі Алмас Әбдіғаппаровқа үкім туралы ақпаратты растады.
Сот үкімімен кәсіпкер өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, бес жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды және жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
– Сот 2021 жылдың наурыз айында А. Әбдіғаппаров Esentai City тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерлер мен тұрғын үйлерді (виллаларды) салумен, өткізумен айналысатын AV-Construction ЖШС коммерциялық мәселелер бойынша директордың орынбасары бола отырып, компанияның материалдық жауапты және сенімді тұлғасы ретінде клиентпен жылжымайтын мүлікті сатып алуға шарт жасағандығын анықтады, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2021 жылдың 27 шілдесінде қалалық сотта белгілі кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды.
Фото ашық дерек көздерінен
Комментариев пока нет