Белгілі марафоншы Марат Жыланбаев 20 күнге қамауға алынды
Белгілі марафоншы Марат Жыланбаев 20 күнге қамалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
КазТАГ мәліметінше, Марат Жыланбаев “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айыппен әкімшілік жазаға тартылған.
Астанада 2 мамыр күні полицейлер тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының мүшесі Марата Жыланбаевты ұстап әкеткен еді. Полиция дерегінше, белсенді жол қозғалысы ережелерін бұзған.
– Мен шеберлік сағатын өткіземін, адамдар мені күтіп отыр. Сондықтан мен жол ережесін бұзбасам да, айыппұлмен келісемін. Хаттаманы толтырайық, айыппұлды төлеймін, – деді ол.
Фото: facebook Марат Жыланбаев
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.