Белсенді Марат Жыланбаевтың үйіне тінту жүргізілді
Бүгін қоғам белсендісі, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» ұйымының төрағасы Марат Жыланбаевтың үйін полиция қызметкерлері тінтіді, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Марат Жыланбаевтың Астана сыртындағы үйінің алдында полиция мен азаматтық киім киген белгісіз адамдар тұрған. Олар журналистерді үйге кіргізбеді.
Марат Жыланбаевтың қызы Азия Жыланбаеваның айтуынша, таңертең әкесін қарсы алуға барған. Бірақ оны полиция алып кеткенін біліп, кейін қайтқанда полиция үйіне кіргізбей қойған.
Полиция Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді. Полиция формасы мен жай киімдегі он шақты адам үйден шығып, тінтуге рұқсат беретін құжатын көрсетпестен кетіп қалған.
Айта кетейік, Астанада 3 мамыр күні таңертең Марат Жыланбаевты полиция ұстады. Сот отырысы өтіп, саяси белсенді 20 тәулікке қамалған еді.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.