Бес түсті бюллетень мен есептен шығару куәлігі: Мәжіліс және мәслихат сайлауы туралы не білу керек
19 наурызда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Дауыс беру Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша референдумнан кейін қабылданған жаңа ережелерге сәйкем өтеді.
2004 жылдан бері алғаш рет депутаттар аралас жүйе бойынша сайланды. Қазақстан халқы партиялық қана емес, тәуелсіз кандидаттар үшін де дауыс бере алады.
Мәжіліс пен мәслихат қалай құрылады?
Былтыр Конституцияға өзгерістер енгізілді. Мәжіліс енді 98 депутаттан тұрады (бұған дейін 107 еді), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бір мандатты округтер арқылы таңдалмақ. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл.
Мәслихат депутаттарының саны олар сайланатын орынның тұрғындарына байланысты. Облыстардағы кандидаттардың жартысы партиялық тізімдер бойынша, қалған жартысы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі де бес жылды құрайды.
Қазақстандықтар Мәжіліс пен мәслихат сайлауында бес бюллетень алады
ОСК алдағы сайлауға арналған бюллетеньдердің 5 түрін мақұлдады:
партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (көк түсті);
бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (жасыл түсті);
партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астаналардың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (күлгін түсті);
бір мандатты аумақтық сайлау округтері (қызғылт сары түсті)бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін;
сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихаттары (сұр түсті).
Айта кетейік, Астана, Алматы және Шымкент сайлаушылары тек төрт бюллетень алады. Әр бюллетеньде «барлығына қарсы» деген баған болады.
Қазақстандықтар call-орталыққа қоңырау шалу арқылы өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты біле алады:
Алматы және Қостанай облыстары үшін call-орталықтың нөмірі – 1315;
ҚР басқа өңірлері үшін – 109.
Тұрғылықты жері бойынша қалай дауыс беруге болады?
4-18 наурыз аралығында сайлаушылар есептен шығару куәлігін ала алады. Куәлік сайлау күні сайлаушы тіркелген жеріндегі учаскеде бола алмаса, ол басқа қалалар мен аудандарда дауыс беруге мүмкіндік береді.
Есептен шығару куәлігін алу үшін тіркелген жері бойынша аумақтық сайлау комиссиясына жүгіну қажет. Жеке куәлік пен бас тарту туралы өтініш негізінде Сізге қажетті құжат беріледі.
Сайлау қорытындысы қашан шығады?
Қазақстандықтар өз учаскелерінде 19 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін комиссиялар дауыстарды санауды бастайды.
Қазақстанда бюллетеньдерді санаудың электрондық жүйесі жоқ, сондықтан оларды қолмен санайтын болады.
Фото: Time.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.