Бес жылға сотталған Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Qazmed республикалық медицина одағы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Елжан Біртанов лауазымдық өкілетін теріс пайдалану бабы бойынша кінәлі деп танылған еді. Экс-министрге бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім Астана сотында жарияланды. Сондай-ақ сот шешімімен Елжан Біртанов «Құрмет» орденінен айырылды.
Сондай-ақ экс-министр мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда және қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет ету құқығынан айырылды.
2020 жылдың 25 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев Біртановты қызметінен босатты. 2020 жылдың 31 қазанында экс-министр Елжан Біртанов ұсталды.
Фото: primeminister.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.