«Бетпе-бет кездесейік»: Жигули Дайрабаев Әуесбаевқа үндеу жасады
«Ауыл» партиясының атынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев ЖСДП өкілі Нұрлан Әуесбаевтың сөзіне жауап қайтарды. Жигули Дайрабаев бейнеүндеу арқылы бәсекелесін пікірталасқа шақырды.
– ЖСДП дей ме, Нұрлан Әуесбаев дей ме біреу маған сын айтқан екен. Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік. ЖСДП деген партия бар ма екен? Мен 4 өңірді араладым, сонда ЖСДП партиясын ешкім білмейді екен. Қазақтарда «іс қуған қазынаға жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады» деген сөз бар. Бір-бірімізден ілік іздеуді доғарып, халықты ойлайық. Бос сөзді қоятын кез келді. Мен диалогқа дайынмын, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ЖСДП мүшесі, президентікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Азат Перуашев, Ермұхамет Ертісбаев және Жигули Дайрабаев туралы пікір білдірген еді.

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.