Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды - Exclusive
Поддержать

Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Блиц бойынша шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды.

– Кеше FIDE марапаттау рәсімі өтті. 15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған «әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы 2021» марапатын табыс етті. Менің жұмысымды жоғары бағалағаны үшін FIDE-ге алғысымды білдіремін, – деп жазды Асаубаева Instagram-да.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Асаубаева шахмат тарихындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы атанып, гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Ол кезде 17 жаста еді.

Еске салайық, 22 маусым күні Бибісара Асаубаева мәлімдеме жасап, федерация басшылардың былығын әшкереледі.

Әлеуметтік желіде Федерация Президенті Ғалым Құсайынов пен орынбасары Дәрмен Сәдуақасов өзін пайдаланып, миллиардттаған ақша сұрамақ болғанын айтты.

Фото: FIDE




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.