English version

«Әбілов пен Тұяқбай»: Қамауда отырған Жұмагелдиев үндеу жасады

Контекст дня — 17 декабря 2022 15:05
0 -1

Қазнетте қаңтар айының басында қамалған Арман Жұмагелдиевтің бейнеүндеуі пайда болды.

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев бейнеүндеуде өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, елі үшін әрекет еткенін жеткізді.

– Мені 2005 жылы оппозицияны сәтсіздікке ұшыратты, «Назарбаев жобасы», «ҰҚК жобасы» деп жүргендерге айтқым келеді. Мен 2005 жылы оппозицияға емес, жалған оппозиционерлер Жармахан Тұяқбайға, Болат Әбіловке, Қосановқа қарсы шықтым, – деді Жұмагелдиев.

Бұл әрекеті оның жеке саяси ұстанымы екенін атап өтті. Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.

Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді.

Изображение 1 для «Әбілов пен Тұяқбай»: Қамауда отырған Жұмагелдиев үндеу жасады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.