Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев: Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес

Контекст дня — 6 октября 2022 17:15
0
Изображение 1 для Тоқаев: Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында мемлекет басшысы сөз сөйледі.

Тоқаев форумда Қазақстанның жаңа саяси дәуірге аяқ басқанын айтып, ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу зор мәртебе екенін жеткізді.

– Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі, онда барлық әлеуметтік топтар қамтылған, – деді президент.


Мемлекет басшысы президент өкілеттігі туралы жаңа тұжырымға келгенін атап өтті.

– Тағы бір бастама – Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды. Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс, – деді Тоқаев.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.