Бір топ қайраткерлер Мұхамедиұлына қатысты тергеуге наразылық білдірді - Exclusive
Поддержать

Бір топ қайраткерлер Мұхамедиұлына қатысты тергеуге наразылық білдірді

Қазақстан Республикасының белгілі ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері мен мәдениеттанушылар Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Б.Асылов пен Жоғарғы Сот Төрағасы Ж. Асановқа хат жолдады.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан және ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, басқа да танымал тұлғалар, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі Дарико Хасанғалиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері профессор Пернебек Момынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дәлел Сұлтанғазин Уәш, Ая Қалиева, Мәдин Сәдуақасов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін әділ тергеуді талап етті.

Хатта Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет пен өнер, спорт және ел алдындағы азаматтық адалдық саласындағы еңбегі туралы айтылған. Сонымен қатар, министр лауазымында Арыстанбек Мұхамедиұлы заңдар қабылдап, ұлт руханиятын дамыту бойынша ауқымды жобалар әзірлегені туралы айтылған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері және басқа да зиялы қауым өкілдері «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесі бойынша экс-министрдің заңды бұзғаны дәлелденбесе, әділ сот шешімін талап етіп, бұрмалаушылыққа жол бермеуді сұрады.

фото: tengrinews.kz




5 Комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  1. үят емес пе? Сонда акшаны қайтарып беріп , премия берейік, тағы жер болып ресторан салайық, кешырым сурак. Осындай хатты жазуды қою керек, үят…

  2. Қазақ елінің ата заңына сәйкес, әділ шешім қабылдау соттың құзырында емес пе еді. Ал, біздің зиялы қауым өкілдерінің мынау қай сасқандары?…