Біртановтың адвокаты сот шешіміне қарсылық білдірді
Елордада Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі бойынша сот талқылауы жалғасуда.
Экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев куәгер ретінде Асқар Ақбаевтан жауап алу туралы қайта өтініш білдірді және оны жәбірленушінің өкілі ретінде процеске қатысудан шеттетуді сұрады. Сот бас тартты.
Экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу») тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған.
Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.
Комментариев пока нет