Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді - Exclusive
Поддержать

Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке іліккен экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы зардап шеккен тараптың қорғаушылары мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев барлық сот медициналық сараптама аяқталғаннан кейін Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілетінін айтқан еді.

Қуандық Бишімбаев соттың ашық өтуін сұрады. Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың адвокатының бірі Лейла Рамазанова хабарлады.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы оқиға 2023 жылдың 9 қарашасында елордадағы «BAU» мейрамханасында болған.

Коллаж: Ulysmedia.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.