Ya Metrika Fast


English version

Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін – министр

Контекст дня — 23 апреля 2023 17:30
0
Изображение 1 для Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін – министр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елдегі 30-ға жуық жоғары оқу орнының лицензиясы кері қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz сайты.

Министр бұл бастамаға Асхат Аймағамбетов мұрындық болғанын атап өтті.

Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде, — деді Саясат Нұрбек.


Сондай-ақ ол білім орындарына талап қойғанын және талаптар орындалмаған жағдайда оқу орны жазаға тартылатынын атап өтті.

– Бұл президенттің тікелей тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер беріп қойдық. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, біз ол оқу орнын жазалаймыз, – дейді министр.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.