Ya Metrika Fast


English version

Биыл 4 мың қазақстандық қажылыққа аттанады

Контекст дня — 24 июня 2022 14:54
0
Изображение 1 для Биыл 4 мың қазақстандық қажылыққа аттанады

Биыл қасиетті орынға баратын қазақстандықтардың саны үш мыңнан төрт мыңға дейін артты. Қажылыққа өтінімді 25 маусымға дейін беруге болады.

Алғашқы рейс Шымкенттен аттанса, одан әрі 3 шілдеге дейін ұшақтар Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтаудан ұшатын болады.

– Биыл қазақстандық қажылармен бірге 17 дәрігер аттанаы. Олар қажылық кезінде немесе жолда өздерін жайсыз сезінетіндерге медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер өздерімен бірге алып жүреді, – деп атап өтті ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Бекжігітов.


Биыл қажылыққа бұрынғыдай екі-үш миллион емес, миллион адам шақырылады. Қажылыққа тек 65 жасқа дейінгі мұсылмандар жіберіледі. Яғни, 1957 жылдың 1 шілдесінен кейін туған және Covid-19-ға қарсы екпе салдырғандар.

Изображение 2 для Биыл 4 мың қазақстандық қажылыққа аттанады
Фото: Отырар

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.