Биыл 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды

2023 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
1991 жылдан бері 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ республикаға оралған.
– Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды, – деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Қандастардың көпшілігі Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%), Жамбыл (5,0%) облыстарына, Алматы (9%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанған.
Фото: sputnik
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.