Біз Қазақстанның гүлденген мемлекет болғанын қалаймыз – Песков
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасы туралы пікірін айтты.
– Біз екіжақты қарым-қатынастарымыздың және Қазақстанның болашағын ең жарқын болашақ ретінде көргіміз келеді. Қазақстан – интеграциялық форматтар тұрғысынан біздің үлкен серіктесіміз, – деді Песков.
Сондай-ақ, Дмитрий Песков Қазақстанның тұрақты әрі қуатты мемлекет болуына тілектес екенін жеткізді.
– Біз барлық бағыттар бойынша бұл серіктестік одан әрі дамиды деп үміттенеміз және, әрине, біз Қазақстанның гүлденген, өзіне сенімді, аяғында нық тұрған, тұрақты мемлекет болғанын қалаймыз, – деді Песков.
Фото: Коммерсант
Комментариев пока нет