English version

Біз ЛХР мен ДХР-ді мойындамаймыз – Тоқаев

Контекст дня — 18 июня 2022 14:00
0 -1

Мемлекет басшысы XXV Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысып, Қазақстан ДХР мен ЛХР-ді мемлекет ретінде мойындамайтынын айтты.

– Түрлі пікір бар. Қазіргі халықаралық құқық – БҰҰ жарғысы. Бірақ БҰҰ-ның екі қағидасы қарама-қайшы. Бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы. Көп ұзамай бұл қағидалар бір-біріне қайшы келеді. Егер ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы іске асырылса, онда жер бетінде 500-ден астам мемлекет пайда болады және хаос болады. Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Шамасы, бұл қағидат біздің ойымызша, Луганск пен Донецк болып табылатын квазимемлекеттік бірлестіктерге қатысты қолданылатын болады, – деді Тоқаев.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

– Құрметті Владимир Владимирович, мен Сіздің осы беделді форумға қатысуға шақыруыңызды ықыласпен қабылдадым. Сіздің баяндамаңызды мұқият тыңдадым. Мазмұны мен көлемі жағынан бұл баяндамаңыз халыққа арналған тұтас жолдауға тең келеді. Аудитория мұны өте жылы қабылдады. Бұған пікір білдірушілер де аз болмайды деп ойлаймын. Екіжақты ынтымақтастыққа келер болсақ, алаңдаушылыққа негіз жоқ. Бәрі қалыпты жағдайда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша нақты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Биыл ерекше жыл – дипломатиялық қатынастарымызға 30 жыл. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл бағыттағы қарым-қатынастарымыз одан әрі қарқынды дами береді деп ойлаймын, – деді Тоқаев.

Ресей президенті Петербург экономикалық форумына келгеніне алғыс білдіріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар одан әрі нығая беретінін айтты.

Фото: Ақорда


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.