Біз Ресейден қорықпаймыз және оған тәуелді емеспіз – Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қоғамда қызу талқыға түскен шетелдік сарапшылардың сөздеріне қатысты биліктің қалай әрекет ететінін айтты.
Журналистер Мәжіліс төрағасына Ресей президенті Владимир Путин мен федерацияны сынаған қазақстандықтардың бас бостандығынан айырылғанын еске салды. Бірақ ресейлік сарапшылардың Қазақстан туралы теріс пікірлері жазасыз қалып жатыр.
– Біз Ресейден қорқамыз ба немесе оларға тәуелдіміз бе? – деп сұрады БАҚ өкілдерінің бірі Қошановтан.
Ерлан Қошанов Қазақстан билігі шетелдік сарапшылардың мұндай сөздерін жауапсыз қалдырмайды деп сендірді.
– Біз Ресейден қорықпаймыз және оған тәуелді емеспіз. Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Барлығы заңмен реттеледі. Екіншіден, президент те, депутаттар да, СІМ де Ресейдің немесе басқа шетелдіктер тарапынан Қазақстанға қатысты сөздеріне жауап берді. Эфирде айтылған сөздер немесе журналистердің мәлімдемелері Ресей Федерациясының ресми ұстанымы емес. Бұл жеке адамдардың пікірі мен жауапкершілігі. Егер бұл әрекеттерде бізге қатысты заң бұзушылықтар болса, онда біздің Бас прокуратура тиісті талаптарды сол елдегі Бас прокуратураға жолдайды, – деді ол.
Фото: sputnik
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.