«Біз үшін зор мәртебе»: Сингапур президенті Қазақстанға табан тіреді
Қазақстанға Сингапур Республикасының президенті келді. Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Халима Якоб келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылаған
– Сингапур Президентінің Орталық Азия елдерінің арасында ең әуелі Қазақстанға келуі – біз үшін зор мәртебе. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз – тарихи оқиға. Бұл сапар біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенімдімін. Қазақстан Сингапурмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге ниетті, – деді Тоқаев.
Кездесуде Сингапурдың Қазақстан экономикасына 1,4 миллиард доллар инвестиция құйғаны айтылды.
Сингапур президенті екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады.
– Өте дұрыс айтасыз. Бұл – Сингапур Президентінің Қазақстанға, жалпы Орталық Азияға алғашқы сапары. Сондықтан бұл – өте маңызды сапар. Қазақстан – біз үшін Орталық Азия аймағындағы аса маңызды серіктес. Өйткені еліңізді, шын мәнінде, аймақтағы көшбасшы ретінде танимыз. Бұл біз үшін өте маңызды әрі көп жылдан бері жақсы қарым-қатынас жасап келеміз. Бізді тығыз қарым-қатынасымыз ғана емес, ашықтық және тәртіп секілді қағидаттарға беріктігіміз де байланыстырады. Бұл – Қазақстан үшін де, біз үшін де маңызды, – деді ол.
Фото: aqorda



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.