English version

«Бізге қажеті жоқ»: Тоқаев Лукашенконың ұсынысына жауап берді

Контекст дня — 29 мая 2023 15:35
0 -1

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, егіс науқанымен танысты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Президент облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу барысында Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне түсініктеме берді.

– Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Менің ойымша, қажеттілік жоқ, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қажет емес, өйткені біз ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар шеңберіндегі міндеттемелерге адал болып қала береміз, деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында «Қызылжар-Сүт» фермасына барып, сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңын көрді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.