English version

Боқаев Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркеле алмады

Контекст дня — 2 февраля 2023 18:00
0 -1

Макс Боқаев Мәжіліс сайлауына қатысу үшін кандидат ретінде тіркеле алмады. Бұл туралы Боқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Белсендінің айтуынша, сайлау комиссиясы оның сотты болғанын алға тартып, тіркеуден бас тартқан.

Айта кетейік, жер мәселесіне қатысты митингілердің ұйымдастырушысы Макс Боқаев 2021 жылы бостандыққа шықты.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау биыл 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.