Ya Metrika Fast
English version

Боксшы Сәкен Бибосынов спартакиаданың жеңімпазы атанды

Контекст дня — 19 ноября 2023 18:00
0
Изображение 1 для Боксшы Сәкен Бибосынов спартакиаданың жеңімпазы атанды

Боксшы Сәкен Бибосынов спартакиада жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта финалда негізгі қарсыласы Санжар Тәшкенбайды төрешілер шешімімен жеңді.

– Мықты боксшы екенімді дәлелдедім. Санжар да жақсы боксшы. Бірақ ол жекпе-жекке дайын емес еді. Біз рингте қарсыласпыз, бірақ өмірде дос, бауырмыз. Біздің мақсатымыз Қазақстанның туын биікке көтеру. Алда Париж Олимпиадасына лицензия алуды көздеп отырмын. Қазірдің өзінде қола медалім бар, – деді Бибосынов.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.