Ya Metrika Fast


English version

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында допинг дауы шықты

Контекст дня — 9 апреля 2023 18:00
0
Изображение 1 для Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында допинг дауы шықты

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді, деп хабарлайды Exclusive.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшы еліне қайтарылғанын мәлімдеді. Допинг дауына іліккен спортшы оқу-жаттығу жиынында жоқ.


– Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында, – деді ол.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.