Болат Назарбаев ауру емес, бұл жалған спектакль – Шораев - Exclusive
Поддержать

Болат Назарбаев ауру емес, бұл жалған спектакль – Шораев

Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Арман Шораев Болат Назарбаевтың ешқандай да ауру емес екенін айтты.

– Болат Назарбаев ешқандай аурумен, ешқандай қатерлі ісікпен ауырып жатқан жоқ. Бұның бәрі далбаса! Жалған спектакль! Постановка! Біздің халқымыз кешірімді болғандықтан олар өздерінің арам пиғылдарын іске асырып, бізді аясын деп осылай  жасап отыр. Болат та, оның балалары да мыңдаған қазақтардың көз жасы мен обалына қалғандарын біледі. Олар осындай амал-айламен өздерін жауапкершіліктен аман алып қалғысы келеді. Болат Назарбаев осыдан 7 ай бұрын қанды қаңтар кезінде елден қашып, өз аяғымен Қырғызстанның шекарасына өткен. Иә дәл сол баяғы қарны шартиған, 1 кг салмағын да түсірмеген Болат Назарбаев. Мен де дәл солай мүгедектердің арбасына отырып, қолыма планшет алып, өтірік сөйлей алмайтындай бірнәрсені жазып отыра аламын. Сондықтан Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап-сау! – деді Арман Шораев Adyrna.kz порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың хал үстінде жатқан бейнежазбалары тарады. Кейін «Салиқалы ұрпақ» қоры Болат Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат жариялады.

– Біз Болат Назарбаевтың ауыр халде екенін және 2015 жылдан бастап онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз, – деп хабарлады қоғамдық қордың директоры Қасым Қасабеков.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының сайтында 69 жастағы Болат Назарбаев қоғамдық қорды құрушы ретінде көрсетілген.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.