Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйеліне қарсы қылмыстық іс қозғалды
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев және оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға рейдерлік бойынша қылмыстық іс қозғалғаны расталды.
Бұл туралы прокуратураның ҚазТАГ агенттігі редакциясының сауалына берген жауабында айтылды.
– Осы өтініш бойынша 17 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР ҚК 249 — бабының 1-бөлігінде (рейдерлік) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлады прокуратура.
20 маусым күні журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет