English version

Болат Назарбаевтың туыстары мәлімдеме жасады

Контекст дня — 3 августа 2022 12:50
0 -1

Болат Назарбаевтың туыстары оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі көмей обырымен ұзақ күрескеннен кейін қайтыс болды деген ақпарат тарады. Дереккөз Болат Назарбаев Алматы ауруханасында қайтыс болғанын айтып, бұл ақпаратты растаған қызы Гүлмира Әбішева екенін хабарлады.

– Бәрі жақсы, алаңдамаңыздар. Оның жағдайы жақсарып келе жатыр. Мұның бәрі қауесет (Болат Назарбаевтың қайтыс болуы туралы ақпарат), – деді Болат Назарбаевтың туыстары AR тілшісіне берген жауабында.

Сондай-ақ, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы мәлімет түспегенін хабарлады.  

Фото: respublika.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.