English version

Боранбаев мемлекетке 1,5 млрд доллардың активтерін қайтарады

Контекст дня — 23 августа 2023 18:00
0 -1

Елордада Қайрат Боранбаевтың апелляциясы бойынша сот процесі өтіп, Назарбаевтың бұрынғы құдасы Боранбаев өз кінәсін мойындады. Олигарх залалды өтейді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ұлысмедиаға сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Боранбаев шамамен 1,5 миллиард доллар активтерді мемлекетке қайтарады.

Forbes деректеріне сәйкес, Қайрат Боранбаевтың байлығы 590 млн долларға бағаланады

Айта кетейік, кеше Боранбаев Іс жүргізу келісіміне сәйкес кінәсін мойындады. Наурыз айында сот Қайрат Боранбаевқа мал-мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді. Кейін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды.

Фото: el.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.