Ya Metrika Fast


English version

Боранбаевтың құны 33,75 млрд теңге болатын мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды

Контекст дня — 18 октября 2023 14:50
0
Изображение 1 для Боранбаевтың құны 33,75 млрд теңге болатын мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүріп жатқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

– Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарлануда, – деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, активтерді қайтару жұмыстары жалғасуда.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.