Ya Metrika Fast
English version

Бородавкинді елден қууды талап ететін петиция жарияланды

Контекст дня — 11 декабря 2022 18:02
0

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді елден шығарып жіберуді талап еткен петиция жарияланды.

Петиция авторының айтуынша, Бородавкин Қазақстанның ішкі саясатына араласқан. Петициядағы талапқа сәйкес, елші қызметінен босатылуы тиіс.

– Біріншіден, ол Ресейдің Қазақстанның ішкі істеріне араласуға деген ниетін ашық жеткізді. Екіншіден, ол қазақ халқына қай тілде сөйлеу керегін нұсқамақ болды. Үшіншіден, ол Қазақстандағы ұлтшылдық туралы мәлімдемесі арқылы республикада ұлтаралық алауыздықты қоздырады. Осы жағдайларға байланысты Ресей Федерациясының елшісін Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылдануы керек, ол кем дегенде осы лауазымынан алынуы қажет, – деп жазылған петиция мәтінінде.

Айта кетейік, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та Бородавкиннің даулы пікіріне қатысты ескерту жасады.

– Мен Бородавкин мырзаның сұхбатымен мұқият көріп шықтым. Сұхбаттағы кейбір пікірлер оның елші мәртебесіне сәйкес келмейді. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, біз оны бұрыннан білеміз. Ол арандатушылар мен саясаттанушыларға ұқсамауы керек. Бұл бірінші. Екіншісі – ксенофобия, ол Ресейде де, басқа елдерде де бар. Сондықтан біз саясаткерлердің, саясаттанушылардың сөздері бірінші кезекте екіжақты қарым-қатынастарымызға зиян тигізбеуі үшін мемлекеттеріміздің пайдасына бірлесіп жұмыс істеуіміз керек, – деді Мәжіліс төрағасы.

Еске салайық, Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин сұхбатында Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен руссофобия туралы пікір айтқан.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.