English version

Бурабай маңындағы Көкшетау тауында өрт шықты

Контекст дня — 25 сентября 2022 12:30
0 -1

25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне Бурабайда 800 метр биіктікте түтін көрінгені туралы хабарлама түскен.

Өрттің ауданы мен себептері зерттеліп жатыр. Өртті ауыздықтауға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.

Төтенше жағдайлар министрінің өкімі бойынша өртті жедел өшіру үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылған.

ТЖД орман өрттерімен күресу үшін жер қазу және топырақ өңдеу техникасын қолдануға болмайтынын айтты. Мұнда автоцистерналар мен өрт сөндіру мотопомпаларын пайдалану да мүмкін емес.

– Сондықтан қазіргі уақытта жеке құраммен өртті сөндіру үшін аспалы бүріккіштер, сондай-ақ күректер, кетпендер, тырмалар қолданылады, – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Фото: tn.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.