English version

«Дәуір өтті»: Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын заңның күші жойылды

Контекст дня — 13 января 2023 15:10
0 -1

Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Парламент экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыруды мақұлдады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Мәжіліс пен Сенат жұма күні парламенттің бірлескен отырысында екі оқылымда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңның күші жойылды деп таныды.

Осылайша, экс-президент пен оның отбасы мүшелері барлық артықшылықтардан айырылады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның бұрынғы президенттері үшін Конституцияда көзделген артықшылықтар қолданылады.

Әділет министрі Азамат Есқараевтың сөзінше, Назарбаев үшін қол сұға алмаушылықтың барлық кепілдіктері сақталады. Сондай-ақ тұңғыш президенттiң ар-намысы мен қадiр-қасиетіне ешкім қол сұға алмайды.

Еске салайық, 28 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыратын заң жобасын қарауына алды. Бұл норма «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы»  конституциялық заңының жобасында жазылғаны белгілі. 

Фото: Тұрар Қазанғапов

Изображение 1 для «Дәуір өтті»: Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын заңның күші жойылды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.