Ya Metrika Fast


English version

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шықты

Контекст дня — 9 октября 2023 17:50
0
Изображение 1 для Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шықты

Алматының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі сайтына сілтеме жасап.

20 жастағы Нұрасыл Болат алматылық заңгерлер Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жықты деп айыпталды.

Істің барлық материалдары зерттеліп, тараптарды тыңдағаннан кейін сот қорытынды шығарды.


– Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 1 миллион 700 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалсын, – деді судья.

Еске салайық, оқиға биылғы жылдың 11 ақпанына қараған түні болды. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты адвокаттар Чернова мен Дмитриевичті соққыға жыққан.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.