Дайрабаевтың ұлдары 60 жастағы азаматты құлдықта ұстаған
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары 60 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын құлдықта ұстағанын, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның баспасөз мәслихатында 60 жастағы ер адам Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаевтың тұтқыны болғанын айтты.
Ковешниковтан депутаттың балаларына 30 мың теңгеге жұмыс істегенін, ешқандай ақша көрмегенін жеткізді. Сонымен қатар, оны ұрып-соғып, кетуге мұрша бермеген.
– Марат мені екі рет соққыға жықты. Бір рет өзінің, бір рет Дидардың үйінде. Салдарынан мен бір ай бойы орнымнан тұра алмадым, кеудеге зақым келді. Соңғы рет түнгі сағат үште Меркеге жаяу қаштым. Бірақ жолда мейірімді адамдар кездесіп, апарып тастады, – дейді ол.
Ковешников таяқ жегеннен кейін бір ай жүре алмағаны және дем алуы қиындағанын айтты. Оны ешкім ауруханаға апармаған.
Stan.kz мәліметінше, Жигули Дайрабаев бұл ақпаратқа жеке түсініктеме беріп, Василий Ковешниковпен таныс емес екенін айтқан.
– Ешқандай құлдық болған емес. Ол сол жерде өз еркімен болды және кез келген уақытта жұмыстан шыға алатын. Ақырында солай жасады. Бұл оның құқығы. Құжаттары әрдайым өзімен жүргендіктен де аймақта емін-еркін жүр. Мен адвокаттар арқылы жақын арада өз құқықтарымды, ар-намысымды және қадір-қасиетімді қорғау үшін құқық қорғау және сот органдарына жүгінуге ниеттімін. Менің беделіме нұқсан келтіретін әрекеттерге кім тапсырыс бергенін білетін боламын, – деді Дайрабаев.
Фото: ашық дереккөз
#ЖигулиДайрабаев #Құлдық #Қазақстан
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.