Ya Metrika Fast


English version

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен босатылды

Контекст дня — 16 июня 2023 10:50
0
Изображение 1 для Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада.

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылдың 11 қарашасынан бастап басқарды.


Даниал Ахметов 1954 жылы 15 Маусымда Павлодарда дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриялық институтын бітірген. Мамандығы – инженер-құрылысшы. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі.

ШҚО әкімі болып тағайындалғанға дейін ол түрлі лауазымдарды атқарды, Премьер-Министр (13.06.2003-08.01.2007), Қорғаныс министрі (10.01.2007-17.06.2009), экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы (12.2010), Энергетика және инфрақұрылым министрі – Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (2012-11.2014).

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.