Ya Metrika Fast


English version

Дауыс беру, наразыларды ұстау: Сайлау қалай өтіп жатыр?

Контекст дня — 20 ноября 2022 16:30
0
Изображение 1 для Дауыс беру, наразыларды ұстау: Сайлау қалай өтіп жатыр?

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Елде 12 млн-ға жуық адамның дауыс беруге құқылы.

Президент сайлауына түсетін алты кандидат белгілі: Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция), Қарақат Әбден (кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы), Нұрлан Әуесбаев (жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы), Жигули Дайрабаев (Ауыл партиясы) , Мейрам Қажыкен (Аманат кәсіподақтар достастығы), Салтанат Тұрсынбекова (Қазақ аналары — дәстүрге жол).

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда 10 033 учаскеде дауыс беріп жатқанын мәлімдеді.

Алматы қаласында Абай ескерткіші маңында наразылық білдірген тіркелмеген Демпартия өкілдерін полиция ұстап әкетті.


Сондай-ақ Алматы қаласында полицейлер Астана алаңынан бірнеше адамды ұстап әкеткен. Бұл туралы «Власть» сайты хабарлады.

Наразылық білдіріп ұсталғандар қатарында акция өткізген Oyan, Qazaqstan белсенділері бар.

Белсенділер «атпа», «оян» деп ұрандады. Құқық қорғау органдары акцияның заңсыз екенін ескерткен еді. Кейін полиция оларды ұстап алып кетті.

Власть мәліметінше, Петропавлда тіркелмеген «Алға Қазақстан» партиясы бастамашыл тобының мүшесі Оксана Широбокованы полиция аялдамадан ұстап әкеткен.

Изображение 2 для Дауыс беру, наразыларды ұстау: Сайлау қалай өтіп жатыр?
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.