Депутат Қазақстанда азық түлік салығын енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстанда азық-түлік салығын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Exclusive.kz
Мәжіліс депутатының мәліметінше, соңғы он жыл ішінде Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа мемлекеттерде салық енгізілген. Медициналық қызметтердің дерегі бойынша, бұл шаралар халықтың денсаулығына оң әсер еткен. Себебі бұл зиянды өнімдерді тұтынудың төмендеуіне әкелді.
– Салықтың бұл түрі енгізілген елдерде азық-түлік өндірушілері мен сатушыларының 70 пайызы зиянды және қосымша салық салынатын компоненттерді азайтты. Сондықтан біз зиянды өнімдерге салық салу мәселесін қарастыруды ұсынамыз, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы өнімдерді сатып алатын ваучерлер ұсынылады, — делінген Маггерамовтың депутаттық сауалында.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.