Ya Metrika Fast


English version

Депутат ең төменгі жалақы мөлшерін 200 мың теңгеге арттыруды ұсынды

Контекст дня — 1 ноября 2023 18:00
0
Изображение 1 для Депутат ең төменгі жалақы мөлшерін 200 мың теңгеге арттыруды ұсынды

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов ең төменгі жалақы мөлшерін 200-210 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау барысында Асхат Рахымжанов ЖСДП фракциясы 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейімен келіспейтінін айтты.

– ЖСДП партиясы ай сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізеді. Біздің есептеулеріміз бойынша, қазақстандықтар орташа есеппен табысының 55%-ын азық-түлікке жұмсайды. Қазақстандағы ең төменгі жалақы шамамен 200-210 мың теңге болуы тиіс, – деді Асхат Рахымжанов.


Айта кетейік, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.