Депутат Назарбаев Университетін сынға алды - Exclusive
Поддержать

Депутат Назарбаев Университетін сынға алды

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев Университеті жұмысының тиімділігі мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Біз барлық зертханаларды Назарбаев Университетіне тапсырдық, оның мәртебесін көтердік, университеттің қызметін ешкім тексерген жоқ. Олар тіпті Ғылым Академиясының орнына жұмыс істеуі керек еді. Басқа университеттер жұмыссыз қалды. Бірақ мен ешқандай нәтиже көрмедім. 15 жыл ішінде нәтиже жоқ. 2020 жылы 7,6 млрд теңге, 2021 жылы 7 млрд. теңге, 2022 жылы 2 млрд 150 млн. теңге ғылымға бағытталды. Бірақ нәтижесі қандай? Бір жыл ішінде олар тек 15 патент алды, – деді Әбенов.

Депутаттың айтуынша, Назарбаев Университетінде қаржыландыру көлемі өте көп, нәтиже нашар. Сондай-ақ жоғарғы оқу орнының халықаралық рейтинг тізімінде жоқ екенін атап өтті.

Фото: akorda.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.