Депутат «Петропавл тәуелсіздігіне» қатысты Бас прокуратураға хат жолдамақ

Мәжіліс депутаты, адвокат Абзал Құспан Қазақстаннан бөлініп «тәуелсіздігін» жарияламақ болған Петропавлдың бір топ тұрғындарына байланысты Бас прокуратураға хат жолдайтынын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Петропавлдағы жағдай бойынша Бас Прокурор атына хат дайындалды, енді депутаттардың қолын жинап, түстен кейін жолдайтын боламыз, – деп жазды депутат Facebook парақшасында.
Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде бір топ адамның жиналыс өткізіп жатқан бейнежазбасы тарады. Жиналғандар «тәуелсіздігін» жариялап, «Халық кеңесі» деп аталатын жиналысқа шақырды.
ҚазТАГ агенттігі хабарлағандай, СҚО полиция департаменті видеодағы кісілердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.
Коллаж: Exclusive.kz
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.