English version

Депутат соңғы қоңырау күнін ауыстыруды ұсынды

Контекст дня — 18 января 2023 14:30
0 -1

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай премьер-министрдің жаңадан тағайындалған орынбасары Алтай Көлгіновке 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екенін ескертті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

«Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептерде соңғы қоңырау салтанаты 31 мамырда өтеді. Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті. Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не болмаса  1 маусымға ауыстыру керек», – деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, депутат 31 мамыр күні бір минут үнсіздік жариялап, телеарналарда ойын-сауық, шоу-бағдарламалар мен концерттерден бас тартуды ұсынды.

«Олардың орнына өскелең ұрпаққа ел тарихын жақсы түсінуге мүмкіндік беретін мазмұнды бағдарламаларды көрсету керек. Ақпараттық БАҚ-та атаулы күннің тарихи маңыздылығын жан-жақты баяндайтын мақалалар жариялануы тиіс», – деп есептейді депутат.

Изображение 1 для Депутат соңғы қоңырау күнін ауыстыруды ұсынды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.