English version

Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін мекеме құруды ұсынды

Контекст дня — 16 ноября 2023 15:11
0

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің жалпы отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін мемлекеттік мекеме құру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық әрекетін қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет деген депутат мұндай қадам жасаудың уақыты келгенін айтады.

Сүлейменова Үкіметке үндеу жасап, ажырасқан әйелдерге алименттің уақытылы төленуін қадағалайтын мемлекеттік стратегияны бекітуді сұрады.

​– Аманат фракциясының мүшелері әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан тиімді қорғауды, тіпті жеңіл дәрежедегі зорлық-зомбылықты қылмыс деп тануды ұсынады. Заң зорлаушылардың жазасын қатаңдатуы керек. Әйел мен балаға қиянат жасағандарды аяй алмайсың. Әйелдерді қорлауға, өлтіруге ешкімнің құқығы жоқ. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу бойынша заңнамалық тұрғыдан жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жетті, – деді Сүлейменова.

Фото: Аманат партиясының баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.