Депутат жоғары лауазым иелерін «қос азаматтыққа» қатысты тексеруді сұрады
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жоғары лауазым иелерін «қос азаматтыққа» қатысты тексеруді сұрап, ресми орындарға жүгінді. Бұл туралы депутат Facebook парақшасында жазды.
– К. Мәсімовтың «Венгрия азаматтығы болған» деседі.
Бұл фактіні «Венгрия Премьер Министрі В.Орбант растаған» деген ақпарат бар. Жоғары лауазым иелері-министрлер, вице-министрлер, Құқық қорғау жүйесінің басшылығын «қос азаматтылық фактілері» бойынша тексеруден өткізу қажет.
Елімізде, жалпы «қос азаматтылыққа» қатысты жаппай тексеру өткізу өте маңызды.
Бұл жөнінде ресми орындарға сауал жолдайтын боламын, – деді депутат.
Айта кетейік, бүгін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінің Венгрия азаматтығын алғанын мәлімдеді. Мәсімовтың үш баласы бар.
Фото: Sputnik




Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.