Депутаттар Мухоряповтың пікіріне қатысты Бас прокурорға жүгінді
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады.
Депутаттар Қазақстанның рәміздеріне қатысты және онда тұрып жатырған азаматтардың діни көзқарасына, нәсіліне, жеке басына және ар-намысына тиетін заң бұзушылықтарға жол берілмеуі керек деген пікірде.
– Құрметті Берік Ноғайұлы! Қазіргі таңда, еліміздегі миграциялық дағдарысты пайдаланып, ел ішін арандату оқиғалары орын алуда.
Соның бірі қазақстандық кәсіпкер, Chocofamily Holding негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне және мәдениетіне қатысты әлеуметтік желіде тараған мәлімдемесі қоғам ішінде әлеуметтік наразылық туғызуда.
Мұндай әрекет Тәуелсіздігімізге, Ұлттық мүддемізге, ел тынышытығына қайшы және нұқсан келтіреді деп есептейміз!
Әрбір қазақстандық азамат Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қалтқысыз бағынуға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге міндетті. Құрметті Берік Ноғайұлы! Сізден, жоғарыда аталған мәселеге байланысты арандатушылық іс-әрекетке барған Рамиль Мухоряповқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 174 бабы 1 тармағана сәйкес құқықтық шара қолдануыңызды сұраймыз, – делінген депутаттық сауал мәтінінде.

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.