English version

«Дикий Арманға» қатысты тың деректер айтылды

Контекст дня — 5 января 2023 17:50
0 -1

Бас прокурор Берік Асылов «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев туралы тың деректермен бөлісті.

– Алматыда жүргізілген тергеу бойынша, Жұмагелдиевке ерекше рөл жүктелген. Оның ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін анықтадық. Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, жиналғандарды бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптар қою үшін халық кеңесін құруы керек болды, – деді Асылов.

Бас прокурор олардың 6 қаңтарда Ritz Carlton және Қазақстан қонақүйлерінің тұрақтарында әр жерден кездейсоқ 24 азаматты ұрлап, ұрып-соққанын айтты.

– Олар қаланың шетіне жеткізіліп, түні бойы ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерге орналастырған. Содан кейін олар әуежайға жеткізілді, онда бір адам – Өтепбаев азаптаудан қаза болды. Осы деректер бойынша тергеу аяқталды. Қазір танысу жүріп жатыр, – деді ол.

Изображение 1 для «Дикий Арманға» қатысты тың деректер айтылды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.