English version

«Дикий Арманға» жаңа айып тағылды

Контекст дня — 30 сентября 2022 16:30
0 -1

Арман Жұмагелдиевке жаңа айып тағылды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

– Арман Жұмагелдиевке жаңа айып тағылды. Қазір ол 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді, – деп жазды Козачков өзінің Telegram-арнасында.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиевке Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 адамды ұрлап әкетті деген айып тағылды.

2 қыркүйекте елордада ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.