English version

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайберген рақымшылыққа іліне ме?

Контекст дня — 27 октября 2022 13:00
0 -1

27 қазанда Сенат депутаттары қабылдаған рақымшылыққа қаңтар оқиғаларына қатысқан 1,5 адам ілінеді. Рақымшылыққа Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиев ілікпейді.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты. Қазір 20 азаматқа қатысты тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Ұйымдастырушылар да рақымшылыққа ілікпейді.

– Ұйымдастырушылар рақымшылыққа ілікпейді. Қаңтар оқиғаларына қатысушылар ғана рақымшылыққа ілінеді. Қайрат Құдайберген мен жабайы Арман тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар қатарында тұр, – деді Шындалиев.

Еске салайық, 7 қаңтар күні Алматы полиция департаментінің арнайы операциясы кезінде «Дикий Арман» мен алты серігі ұсталды. Жұмагелдиевтің қамауда отыру мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзарды.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.