«Дикий Арман» құқық қорғау органдарына қарсы сотта жеңіп шықты
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев азаптау фактісі бойынша құқық қорғау органдарына қарсы сотта жеңді, деп хабарлайды Exclusive.kz
Ақпаратты Арман Жұмагелдиевдің адвокаты Олег Чернов КазТаг басылымына хабарлаған.
– Арман Жұмагелдиев құқық қорғау органдарының азаптау фактісі және басқа да заңсыз әрекеттері бойынша сот процесінде жеңіске жетті. Бүгін ол мұны біліп, қатты қуанды. Ол заңның оған келгенде жұмыс істемейтінін айтқан еді, бірақ бүгін бір керемет болды, – деп жазды Чернов.
Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегенін анықтаған еді.
Ол тәртіпсіздік ұйымдастырып, көпшілікті бақылауға алуы қажет болған. Сондай-ақ билікке талап қою үшін «халық кеңесін» құру туралы тапсырма алған.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.